Алматы облысында волонтерлік қызметті дамыту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қазіргі таңда облыстық волонтерлердің фронт-офисінде 4 мыңнан астам тұрақты волонтер тіркелген.«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айбек Досымбетовтің айтуынша, жыл басынан бері 300-ден астам қайырымдылық және әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, 5 мыңнан астам адам қамтылған.«Ардагерлерді ардақтайық акциясы аясында 78 іс-шараға 500-ге жуық волонтер қатысты. Жеңіс күні қарсаңында 42 ескерткіш пен саябаққа тазалық жұмыстары жүргізілді. Рамазан айында 300 адамға а...